"Жаужүрек мың бала"

Негізі, тарихтың тармақтары режиссердің талғамына бейімделе бастағанда бір жақты қабылдануы – бекер. «Қазақфильмнің» осыған дейін бұдан бірнеше рет опық жеп, бармақ тістегені бар. Тістегені несі, осы уақытқа дейінгі барлық жобалардың сиқы тырнақтан тырнақ қалдырмай тастаған да болуы керек. Бірақ, әңгіме басқада…

Әңгіме – Ахан Сатаевтың кезекті, иа-иа, тарихи жобасы туралы болмақ. Осы уақытқа дейін қаланың қалтарыстарындағы қараңғы істер туралы түсіріп үйренген Сатаев тарихи, тіпті патриоттық фильмге кіріскен екен. Не ғой, кіріскенде, фильмнің түсірілімі бітіп, 3-ші мамыр күні тұсаукесері де жоспарланып қойылған.

«Жаужүрек мың бала» — халықтың басына қара бұлт үйірілген тұстағы жасөспірім балалардың әкелерінің иығының артына тығылмастан, жаудың бетіне, қауіптің көзіне тіке қарағандығы туралы тарихи, жартылай аңызға құрылған фильм. Фильмді әкесі көз алдында жоңғарлардың найзасына аяусыз іліккен Сартайдың бірінші – өз туыстары, екінші – өз халқы үшін жылдап ішінде сақтап келген кек алу тарихы десе болады.

Сартай жеті жасынан он бес жасына дейін ішінде толғатып келген ұлы кек алу жоспары жолындағы дәл өзі секілді ниеттес балалардың тобын жасақтайды. Белгілі болғандай, жоғары пафосты бастаулардан құралғанымен, бұл топтың ішінде де көре алмаушылық, ауыз біршіліктің болмауы, сатқындық, қайта оралған достық – бәрі бар. Қысқаша айтқанда, фильм көрерменнің жүрегінің қалауына дөп тиіп, назарын өзіне байлап алуы үшін голливудтық жинақтың бәрі қамтылғандай-ақ екен. Бұған не дейсің, — Ахан Сатаев.

Әдеттегідей, бәрі де мамыражай күннен басталады. Бейқам, қойын алаңсыз бағып жатқан ауылға жоңғарлардың басып кіріп, назарға іліккен еркек кіндіктінің бәрін жаншып өлтіреді. Ары қарайғы оқиғаның өрбуі көзі қарақты көрерменнің бәріне бірдей мотивте жалғасады. Кек алуды өмірлік мақсатына айналдырып, ешкімнің айтқанына көнбестен, Сартай жоңғарлардың ірілі-ұсақты жасақтарын бір-бірден жойып отыруға көшеді. Бұл әрекеті туралы өсек-аяң бүкіл даланы шарлап кетіп, жан-жақтан жетімдер, жәпір көргендер, жақынынан айырылғандар жинала бастайды. Бір қараса — бір жасақ қолға айналған Сартайдың әскері Аңырақай түбіндегі шайқастан бір-ақ. Тіпті, сол соғыстың шешуші факторы рөліне де кірісіп кетеді.

Әбден ажалдылардың арасында күйбең тірлік кешіп үйренгендіктен бе, кім білсін, әйтеуір фильмдегі жоғары пафосты диалогтар мен адам сенбес кейбір жанкешті оқиғалар күлкіні де келтіреді екен. Яки, фильмнің алдына қойған мақсатына жету жолында жасанды да әрекеттер жасалғандай көрініп-ақ тұрды. Дегенмен, бұл «трюк» фильмнің қазақстандық өзге осы тектес фильмдердің фонында бағасын да, бәсін де еш түсірмесе керек-ті.

Жас актерлердің ойыны таң қалдырды. Таң қалдырғаны – бұл фильмнің ол актерлер үшін алғашқыдебюттік болғандығы. Бұл туралы сөзді сапырып айта беруге болады. Бәрі бір-ақ нәрсеге келіп тіреледі – қазақ кинематографиясындағы жаңа серпінді фильм. Ал, фильмдегі операторлық шешімдер, кейбір панорамалар мен оқиғадағы адамдардың эмоциясын жеткізудегі ракурстық шешімдер – қуантты, қуантып қана қоймай, біздің кинематография үшін сенімнің қайта оянуына түрткі болды.

Қысқасы, 3-ші мамыр күні еліміздің барлық кинотеатрларында «Жаужүрек мың бала» фильмін қараңыздар, еш өкінбейсіздер. Бір жылға татитын патриоттық заряд пен мақтаныш сезімі баурайтынына сенімдімін. 

Киностан

28 апреля, 18:03
745

Turkic Wikimedia Conference

Не ғой, интернетке қатысты, онша қатысты емес конференция, [бей]конференциялар жыл сайын өтіп жатады. Биылғыларының ішіндегі негізгі қазақ тіліндегісі – блогерлердің құрылтайы. Бірақ, бәрі осыған ғана келіп тіреледі ме екен. Менің ойымша, осы тектес аса ештеңе шешіле қоймайтын, дегенмен, ортаның қазақ тілінде қалыптасуына үлесін қосатын шаралар көбірек болуы тиіс. Яки, бәрі өзіміздің қолымызда.

Осы айда, нақтырағы – үстіміздегі сәуір айының 20-21 күндері, «WikiBilim» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен интернеттегі ірі компания өкілдерінің басын қосқан конференция өткізгелі отыр екен.

Өтетін уақыты: сәуірдің 20-21 күндері

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Химия факультетінің үлкен залында

19 апреля, 15:41
251

"Титандардың қаһары" есімде қалмады

Титандардың қаһары

Гераклды шетке ысырып қойып, Персейге кіріскен екен ғой. Осыдан екі жыл бұрынғы «Титандар шайқасын» көргенде осы ой жылт ете қалған-ды. Яки, голливудтық сценаристердің миының қатпарларын жегідей жеген грек аңыздары коммерциялық табысқа жетудің зерттеусіз кепілі екенін айта кету керек. Дәлірегін айтсақ, мифтердегі қиялдың шегі алдыңа да, артыңа да 3D эффектілер арқылы әсер етуге жағдай жасап-ақ қойған.

Грек аңыздары мен мифтері, шынымен-ақ, кітапты оқи бастағанда, түрін тыржитатын кез келген бозбаланы үйіріп әкетеді. Гректердің құдайлар иерархиясы мен олардың жарты-құдай балалары туралы хикаялары ешкімнің назарынан тыс қалмайтын сияқты. «Титандардың қаһарындағы» дәл осы желі мен трейлеріндегі көзді қыздырған эффектілер менің елең ете қоймайтын талғамыма от салған еді. Бекер екен.

2 апреля, 19:20
25

Гитлердің суреттері

Адольф жас кезінен суретші болуды армандапты. Жай ғана суретші емес, танымал суретші болуды. Сол мақсатының жолында 1907 жылы жас Гитлер Вена қаласындағы суретшілер академиясына оқуға түсуге келеді. Оқуға түсуге тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттерінен кейін, ол жарнамалық хабарландырулар және пошталық карталар сызумен күн көре бастайды. Бұл топтамада Гитлердің сәтті шыққан эскиздерін көре аласыңдар. Онда ғимараттар, натюрморт пен пейзаж, сондай-ақ жалаңаш натуралар бар. Айта кететіні, Гитлер академияға екінші рет емтихан тапсырып жатқанда, академияға түсу түгілі үшінші рет емтихан тапсыру мүмкіндігінен де айырылған екен.



Кім білсін, егер ол әсемдікке құштар суретші болып кеткенде, мүмкін тарих өзінің парағын басқаша мазмұндаған да болатын еді. Бір анығы, әлемді жаулап алу туралы жегі құрт оның басында бұл кезде кішкене басқаша қалыпта өрбіген сияқты көрінді.

13 февраля, 15:31
87

Кітап оқудан жалықпау

Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, қажетсіз флуд, өзін дамытуға арналған мәтіндер. Бірақ, соларды оқудан ешкім “ләззат” алмайтын сияқты. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар осы күйге жетпей тұрып, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді. Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей. Бірнеше артық сағат қосылса, барлық көздеген кітабын оқып тастайтындай елестетеді. Бұл оқу жылдамдығы мен сапасын арттыруға арналған мақала емес. Керісінше, оқудың сиқырлы магиясын жоғалтып алмауды көздейді.

Кітап оқудан жалықпау

© фото

Бәрі бірнәрсеге тіреледі. Әркім кітап оқудан ләззат алуы тиіс. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен.

Осыны оқыса, көмектесетін шығар. 

3 февраля, 15:51
169

Казахская Википедиа: 200 тысяч статей до конца этого года. Это реально?!

200 тысяч качественных статей в казахской версий Wikipedia?!

Да, вы не ошиблись и не вытирайте очки снова и снова, дабы нереальное тоже возможно. Пока мы в укромных местах и шумных площадках обсуждали будущее казахского языка, какой он жалкий и как его насильно прививают обществу, несколько активных ребят решили взять узды в свои руки. Ибо, за интернетом будущее.

Именно об этом подумал я, когда получил пресс-релиз с приглашением на пресс-конференцию, столь громким заявлением. Конечно, слова и действия не всегда совпадают. Но, я наивно верю и буду полагать, что все происходящее к лучшему и буду помогать по мере моих сил.

Наверно все знают насколько, если не плачевна, то скудна казахская версия открытой энциклопедии Wikipedia. Официально статей в казахкой версий всемирно известной энциклопедии около 23 тысяч, но осмелюсь сказать большинство этих статей некорректны и никакого информационного груза, кроме названия, не несут.

15 июня, 17:34
1893

"Қазақтелеком" перекрыл доступ к блог-платформе wordpress.com?

Блог-платформа wordpress.com не открывается. Там, в основном, пишут казахскоязычные блогеры. Есть большая вероятность того, что "Қазақтелеком" отключил доступ к ресурсу. Потому, что все пользователи, которые об этом заявляют, клиенты "Қазақтелеком", сервиса Megaline. Большинство активных казахских блогеров в ауте. Хотя именно этого и следовало ожидать после ситуации с новыми правилами регистрации доменных имен на зоне .kz и реакции Google'а на это. Но как не странно, когда правила вводились в сентябре (если не ошибаюсь), никто явного возмущения по этому поводу не выказывал.

А когда Google решил резко отреагировать на "попытку казахских властей возвести границу в интернет-пространстве" все стали говорить, что, мол, плохие правила, верните нам google и т.д.

А ситуация вокруг блог-платформы wordpress.com еще неясна. Все блогеры платформы возмущены и теребят в твиттере, пытаются достучатся до официального аккаунта "Қазақтелеком".

Ждем ответа от "Қазақтелеком"! Ведь после ситауции с доменом google все больше и больше нависают черные тучи над казнетом, его свободой и доступностью.

10 июня, 12:50
1421

Nokia E7: әуесқойдың пікірі

Маған Nokia E7 телефонын уақытша пайдаланып, өз ойымды жазуды өтінген еді. Телефонның қарапайым функцияларын ғана пайдаланып үйренгендіктен, бірден бас тартқан едім. Қарапайым қолданушының әуесқой пікірі де маңызды деген соң, өзіме бейтаныс сенсорлық экранды телефонды тестілеуге шешім қабылдадым.

Сонымен, міне ол:

Қолыма тиген телефон қара түсті еді. Nokia өкілдерінің сөзіне қарағанда, Қазақстан нарығында тек қана сұр және қара nokia e7 сатылымға түсетін көрінеді.

Тағы бір алдын-ала айта кететін нәрсе, телефон қалтасы жұқалар тіптен, ал орташалар біраз шашылып барып, қол жеткізе алады. Себебі, телефон отандық дүкендерде 800 АҚШ ақшасы көлемінде екен.

2 июня, 15:26
238

Қазақша фэнтези :)

Фэнтези деген не?

Бұл әдеби жанр, бірақ соңғы уақытта тек әдеби болудан қалып, өнердің барлық саласына бейімделе, өнердің барлық саласында жасала бастады. Бұл жанрдың тамыры, әрине, ғылыми-фантастикаға барып   тірелгенімен, оның бастауы мен жасалу формасы тіптен басқаша.

Бұл жанрдың негізін қалаушы ретінде Толкиенді айтады. Ол екінші дүниежүзілік  соғыс әлемді шарпып, Еуропа дүрлігіп жатқанда, еуропалық аңыздар мен  мифтердің басын біріктіріп, өзінің алғашқы фэнтезилік әлемдегі  еңбектерін жазып шығады. Осыдан барып, фэнтези кең етек жая бастайды.

Фэнтезидің мәні

Мифтен әдебиет жасау үшін, сол мифтің халықтық формасы болуы керек. Ал қазақтың халықтық ауыз әдебиеті бұндай мұрадан кенде деп айта алмаймын. Барлық халықтардан кем түспейтін бай халықтың мифология жинақталған. Ендеше заңды сұрақ осы мұраны неге қазақ жазушылар қолданбайды, өздерінің образдарында, сюжеттерінде?

%D0%B0%D0%B8%D0%BC.jpg

Мен клавиатураммен жалғыз отырып, әр тақырыпқа бір оттай береді деп ойлайтындар да табылатын шығар. Бірақ, фэнтези жанры — қазіргі әдебиеттегі ең танымал, ең оқылатын, әрі ең коммерциялық пайдалы сала. Осы саланың қазақ әдебиетінде әлі де болса орын алмағанына таң қаламын.

Айтылатын себептер:

  • Қазақ мифологиясы әлі толық зерттелмеген және оны әдебиетке бейімдеу мүмкін емес, әрі керек емес.
  • Фэнтезиді жазып болған соң оқитын оқырмандар табыла қоятынына күмәнмен қарайды.
  • Қазақ әдебиетін ондай опасыз жанрдың көркем түрімен қорлағысы келмейді.
  • Киелі миф пен аңыз бен әдеби шығармаларды шатастыруға болмайды.
  • Ондай шығармалармен таныс емес, тіпті танысқысы да келмейді.

Менің түсіндірмелерім:

1. Қазақ мифологиясындағы түсініктердің арнайы сөздігі бар. Авторы — Серікбол Қондыбай. Осы кітапты оқысам Борхестің «Книга вымышленных существ» еңбегі есіме түседі.

2. Оқырмандар табылады. Соның біріншісі өзім болатын едім. Әлемде фэнтезиді оқитын адамдарды ескеретін болсақ, бұл себептер түкке тұрғысыз болып саналады.

3. Опасыз жанр туралы айтарым, әдебиеттің түр-түрі болады. Фэнтезидің де өз аудиториясы бар. Және мынау опалы, ал мынау опасыз деп бөлу тіптен логикаға сыймайды. Ал бізде көбісі сөйтіп жататыны да содан шығар. Детектив те опасыз жанр ма, сонда?

4. Киелі миф және әдеби шығарма туралы айтарым бір сөз — Борхес, тіпті Толкиен. Осы жазушылар аңыздан әдебиет жасап, оның халық арасында қайта орнығуына атсалысқандар.

5. Біздің жазушылардың басты айыбы осы шығар. Олар ешнәрсемен таныс емес, және ең сорақысы танысқысы да келмейді.

Өз ойым

Неігіз, айтылғандан өз ойыммен пікір талас. Бұл тек жеке пікірім. Көптен айтқым келіп жүрген. Сосын, мен фэнтези жанрында кітаптың да оқырманы емеспін. Ондай жанрды киномотографияда өте жақын тартқаныммен, әдебиетте сәл алысырақ. Бірнеше ғана шығармалармен таныспын.

Бірақ, Серікбол Қондыбайдың аталған еңбегімен танысып шыққан соң, өзімнің сүйікті жазушалырамның бірі Борхестің ерен еңбегі есіме түсіп, қазақша мифтің осындай әліппесі бола тұрып, неге қазақша фэнтези жазылмайды деп ойлай бастадым.

Бірақ, барлығын да уақыт еншісіне тастайық. Мүмкін, дәл осы пост жазылып жатқанда біреу қазақша фэнтезидің сюжетін ойлап тауып жатқан шығар. Кім білсін… :)

30 марта, 16:46
648

"Олдбой" - кек туралы фильм

Бір ауыз сөз адамның өмірін өзгертіп, ішкі дүниесін қопарып тастайды екен.Бір ғана ауыз сөз бір адамның тағдырын бір мақсат пен қиялдың жетегіне ерттеп қоятын да көрінеді.

15 жылын жоғалтқан

Негізі, фильм кек туралы. Бұл айтуға ғана оңай. Сені мас күйіңде полиция бөлімінен шыққан жеріңнен ұрлап әкетіп, 15 жылға терезесі жоқ, бір бөлмелі үйге қамап тастасады делік. Әрқашан біртүрлі тамақты бір ғана терезеден әкеліп беріп тұрсын.

%D1%83%D0%B0%D0%B8.jpgӘлеммен жалғыз байланыс - теледидар. Әрбір өткізген күнің мына қарғыс атқыр бөлмеге не үшін қамап тастады және кім қамап тастады деген жегір ой мазалап, әрбір өткізген сәтің іштей өзіңді тырнаумен өтетін болса керек.

Ешқандай адаммен араласпай, әлемге тек теледидар арқылы ғана қарап отыруды, ойлашы. Өз әйеліңнің өлтірілгенін және ол қылмысқа сені айыптап жатқанын да теледидардан естігенде есіңнен адасып кетпеу мүмкін емес сияқты ғой. Ондайда бірінші өлім келетіні анық. Ал өзіңе қол жұмсамақшы болған әрбір әрекетіңнің алдын алып отырса ше?

Ондайда бүкіл өмірің естелікке айналады. Бүкіл өміріңдегі әрбір сәтің толық ішкі анализден өтіп, әрбір өмірлік оқиға мен адам, айтылған әрбір сөзіңді еске алып, сонау бір қапасқа түскен себебіңді іздеп, іштей қаузай да бастайсың емес пе.

Фильмнің кейбір жерлерінен Дэвид Финчердің "Жеті" фильмінің мотивтерін де байқауға болады екен.

Себебін іздеген

Жасаған нәрсеңді өзгертуге болмайтынын толық түсінген кезден жаман нәрсе жоқ шығар. Әрбір жасалған әрекет қарсы әрекетті туғызатындығы қаншалықты шын болса, әрбір әрекеттің астарында себептің де болатынын соншалықты шын.

"Олдбойдағы" басты кейіпкер О Де-Су өзінің қапасқа түскен себебін он бес жыл бойы теледидар мен өзінің өткен әрекеттерінен іздейді. Оның бойын өзін қамаған адамға деген кек тұтастай билеп алады. Ол түрмеден ертерек қашып, өзін қамаған адамды тауып алып, кек алу, барынша жазалау идеясы жаулап алады.

Ал кек алған соң, өмірдің мәні таусылатыны да осы картинада толы ашылған екен. Қысқасы, голливудтық мотивтер, батыстық философияның мәңгілік тақырыптары шығыстық орындауда тіпті әсерлі шығады екен. Спецификалық ерекшеліктер мен менталитет өзгешелігі адамға өзгеріссіз әсер етеді емес пе.

25 марта, 13:34
424